
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен Орталық жағалауда спорттық шара ұйымдастырды.
Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасы конькимен жүгіру спортының спортқа еңбегі сінген шебері Людмила Прокашева болды. Сондай-ақ шараға қоян-қолтық күрестен Әлем чемпионы Владимир Демьянов және «Қаһарман» тайквондо мектебінің шәкірттері де қатысты.
Қатысушылар таңды «Ertis Promenade» сахнасында аяқталған жүгіріспен бастады. Одан кейін Людмила Прокашева сөз сөйлеп, вейптердің және әртүрлі тәуелділіктердің зиянын атап кетіп, жастарды дені сау өмір салтын ұстануға, спортқа саналы таңдау жасауға шақырды және топтық жаттығу өткізді.
Бағдарламаның жалғасы ретінде Владимир Демьяновтың қоян-қолтық күресі бойынша мастер-класы өтті, ал департамент қызметкерлері гиря спорты бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Шара спорт пен қызмет бір-бірімен қол ұстасып, тәртіп, төзімділік және командалық рухты қалыптастыратынын айқын дәлелдеді.