
«Заң және тәртіп» ұлттық бастамасы шеңберінде Ақпараттық технологиялар колледжінде интернет алаяқтықтың алдын алу және жастарды дропперлікке тартуды болдырмау тақырыбына арналған дәріс өтті. Шараға 125 шақты 1‑курс студенттері қатысты.
Павлодар облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі қазіргі интернет алаяқтық схемаларын, азаматтарды заңсыз схемаларға тарту механизмдерін, сондай-ақ дропперлікке қатысудың құқықтық салдарын түсіндіріліп, ерекше назар аударылды. Өйткені жас адамдар жиі осындай қылмыстық схемалардың қатысушылары болып, салдарының ауыртпалығын түсінбейді.
Шара қатысушыларына банк деректерін үшінші тұлғаларға беру, сыйақы алу үшін өз атына шот ашу тәуекелдері, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік, қаржылық шығындар және басқа құқықтық салдарлары туралы толық мәлімет берілді.
Дәріс барысында «жеңіл табыс»қа ұмтылу ауыр салдарға әкелген нақты практикалық мысалдар келтірілді. Сондай-ақ цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелері, алаяқтық хабарламаларды тану тәсілдері және алаяқтық күдік туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері талқыланды.
Шара ашық диалог форматында өтті, оның барысында студенттер қызықтыратын сұрақтарды қойып, интернет қауіптерінен қорғау бойынша практикалық ұсыныстар алды.