
«Заң және тәртіп» ұлттық бастамасы аясында «Халық радиосының» «Қауіпсіз орта» бағдарламасының тікелей эфирінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ОКУ басшысы Арман Қайырбекұлы Избастинов қаржы пирамидалары мен дропперлік туралы айтып, осындай схемалардың нақты мысалдарын келтірді.
Эфир барысында ол алаяқтық схемалардың негізгі белгілерін түсіндіріп, олардың құрбаны болмау үшін қандай шаралар қабылдау керектігі жөнінде кеңестер берді. Әсіресе, халықтың қаржылық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ спикер азаматтарға жеке деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз шоттарға ақша аудармауға кеңес берді. Кез келген қаржылық шешім қабылдамас бұрын, барлық ақпаратты мұқият тексеру қажет екенін атап өтті.