Департамент қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

Департамент қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жеке құрамы әкімшілік ғимарат аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

Негізгі кезеңдердің бірі – көгалдандыру жұмыстары болды: қызметкерлер көшеттер мен шыршалар отырғызды.

Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ұжымдық рухты нығайтуға және қолайлы, таза әрі күтімді орта құруға ықпал етеді.