
Негізгі назар кәсіби бағдар беру және жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне аударылды. Қатысушыларға жұмысқа қабылдау тәртібі, қойылатын талаптар, сондай-ақ экономикалық тергеп-тексеру органдарындағы мансаптық даму мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі, оның функциялары мен міндеттері туралы мағлұмат алды. Қызметкерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтің ерекшеліктерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара қатысушыларға мемлекеттік қызмет жүйесіндегі болашақ жұмыс мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Осы бағыттағы жастармен өзара іс-қимыл жұмыстары жалғасып, кадрлық резервті қалыптастыруға және кәсіби ортадағы сабақтастықты қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.