ПАВЛОДАР: «ИНеУ»-де «Жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы және дропперлік» тақырыбында интерактивті сабақ өтті.

ПАВЛОДАР: «ИНеУ»-де «Жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы және дропперлік» тақырыбында интерактивті сабақ өтті.

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада аясында Инновациялық Еуразия университетінде құқықтану, экономика, халықаралық қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік бағыттарында білім алып жатқан студенттер мен магистранттар арасында «Жасанды интеллекттің көлеңкелі жағы және дропперлік» тақырыбында интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллект технологияларын құқыққа қарсы қызметте пайдалануға байланысты заманауи қауіп-қатерлер туралы ақпарат ұсынылды.

Ерекше назар кибералаяқтықтың кең таралған схемаларына, ақша қаражаты мен жеке деректерді заңсыз алу тәсілдеріне, сондай-ақ азаматтарды дропперлік схемаларға тарту мәселелеріне аударылды. Талқылау практикалық мысалдармен және типтік жағдайларды талдаумен сүйемелденді.