Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп—тексеру департаменті мемлекеттік органдардың, сот өкілдерінің және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп—тексеру департаменті мемлекеттік органдардың, сот өкілдерінің және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара Мемлекет басшысының бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге және кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеуге бағытталған тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Ашық және сындарлы диалог барысында қатысушылар шектеу шараларын қолдану кезінде заңдылық пен пропорционалдылық қағидаттарын сақтау мәселелерін, кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылын жетілдіру және өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірленді