Павлодар облысы тәртіптілікті қамтамасыз етуге біртұтас тәсілді қалыптастырады.

Павлодар облысы тәртіптілікті қамтамасыз етуге біртұтас тәсілді қалыптастырады.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысының департаментімен бірге аймақтың мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдарының комплаенс офицерлері үшін дөңгелек үстел өткізді. 

Шара  «Достық үйі» КММ ғимаратында өтті және облыстың қалалары мен аудандарынан 100-ден астам қызметкерді жинады. 

Кездесу барысында қызметкерлерді құмар ойындарға тартуды алдын алу, қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері талқыланды. 

Департамент басшысының орынбасары, ЭТТҚ полковнигі   Г.Н. Қасымов ұйымдардағы бұзушылықтардың негізгі тәуекелдері мен анықтау механизмдерін толық түсіндірді. 

Осы шараны өткізу мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға және аймақта мемлекеттік және жартылай мемлекеттік секторда ашықтық пен қызметтік этиканы сақтау үшін біртұтас тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік берді.