
2026 жылғы 11 ақпан күні Жастар бастамаларын дамыту орталығының алаңында ІІМ қызметкерлеріне арналған экономикалық қылмыстарды алдын алу және тоқтату мәселелеріне арналған диалогтық кездесу өтті.
Департамент атынан аса маңызды істер бойынша тергеуші Азат Шахманов сөз сөйлеп, экономикалық қылмыстар саласындағы өзекті тенденциялар, заманауи алаяқтық схемалар, заңсыз қаржылық операциялардың механизмдері, сондай-ақ олардың анықталуы мен құжатталуының практикалық аспектілерін ашып көрсетті.
Әсіресе, мекемелер арасындағы өзара әрекеттестік және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында профилактиканы күшейту, ақпарат алмасуды уақтылы жүргізу және экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы біртұтас тәсілдерді қалыптастыру шаралары талқыланды.
Павлодар облысы бойынша ЭТТД экономикалық қылмыстармен күрестің нәтижелілігін арттыру мақсатында ІІ бөлімшелерімен өзара әрекеттестікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.