
Екібастұз қаласында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицерлері «Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасы аясында «FIN IQ» республикалық диктантын өткізуді ұйымдастырды.
Іс-шараға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, жергілікті атқарушы органдардың, «Аманат» партиясы депутаттық корпусының өкілдері, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, соның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметкерлері қатысты.
«FIN-IQ» республикалық диктанты азаматтардың қаржылық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауды дамыту және жастар арасындағы құндылықтарды нығайту үшін маңызды алаң болып табылады.
Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық ақпараттандырудың артуына және аумақтағы тұрғындар арасында экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.