Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Мектепке жол» акциясы шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Мектепке жол»  акциясы шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті.

Жаңа оқу жылының қарсаңында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жас ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, «Мектепке жол» қайырымдылық бастамасына өз үлестерін қосты.

Акция барысында әлеуметтік балалардың жаңа оқу жылын сенімді және қуанышпен бастауы үшін, жағдайы төмен екі отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілді.

Департамент басшылығы мен ұжымы күрделі өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды қолдау мемлекеттік органдардың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі болып табылатынын атап айтты.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментi мұқтаж адамдарға көмек және аумақта қайырымдылықты дамытуға бағытталған әлеуметтiк маңызды жобаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.