Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде (бұдан әрі-Департамент) "Toraigyrov Univercity" КЕАҚ 2 курс студенті А.А. Сламовпен кездесу өтті, ол "2025 жылғы қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиаданың"іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға сәтті өтті. Кездесу барысында Департамент басшысы Е.О. Есенов А. А. Сламовқа белсенді қатысқаны және конкурстық іріктеу барысында көрсетілген жоғары нәтижелері үшін алғыс хат табыс етті, сондай-ақ Олимпиаданың соңғы кезеңінде табыс тіледі. Жастардың қаржылық сауаттылықты арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған осындай іс-шараларға қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.