Ағымдағы жылдың 16 мамырында "Заң және тәртіп" баяндамасы аясында Павлодар қаласы әкімдігінің "Instagram" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының ІІО тергеушісі Д. Ж. Дженалиновтың қатысуымен тікелей эфир өтті.
Эфирдің тақырыбы "халық арасындағы алаяқтықтың алдын алу"болды. Трансляция барысында аймақ тұрғындары тап болуы мүмкін алаяқтықтың өзекті схемалары жарияланды, жеке деректерді қорғау және зиянкестердің тұзаққа түсуіне жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді . Сондай-ақ, көрермендер өздерін қызықтыратын сұрақтарды нақты уақыт режимінде қоюға мүмкіндік алды.
Аталған іс-шаралар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.