ЖАСТАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

ЖАСТАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

      Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері студенттерге қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға 320-дан астам студент қатысты. Кездесу барысында лудоманияның зардаптары, қаржы пирамидаларының белгілері және алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бағыттары және қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат берілді.