ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қармақшы ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен тұрғындармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қаржы пирамидалары мен лудоманияның зияны, алдын алу жолдары және құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға қаржылық қауіпсіздікке қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Жиын соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент өкілдерінен жауап алды.