ҚАЗАЛЫДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында  Қазалы ауданында тұрғындармен кездесу өтті.

Жиында тұрғындар қаржылық қауіпсіздікке қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент өкілдерінен жан-жақты жауап алды. Әсіресе, қаржы пирамидаларының белгілері, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары және лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Тұрғындарға айтылған мәселелер  аясында бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық жадынамалар таратылды.