Қызылордада 250-ден астам медицина саласы қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақтау және қаржылық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Семинарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбдіғаппарұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева, әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Нажмедденұлы және сала мамандары қатысты. Шара барысында департамент өкілі медицина қызметкерлеріне лудоманияның зардаптары, қаржы пирамидаларының белгілері және қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинарға Қызылорда қаласынан бөлек, облыстың жеті ауданындағы медицина қызметкерлері Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.