ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ЖӘНЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ЖӘНЕ  ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға департаменттің жеке құрамы қатысып, ел қорғаған батырлар мен ардагерлердің ерлігіне тағзым етілді. Іс-шара барысында департамент басшысының м.а  Руслан Нұрланұлы құттықтау сөз сөйлеп, Отан қорғаушылар күні – ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық азаматтарға көрсетілетін құрметтің белгісі екенін атап өтті.  Мереке аясында қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер арнайы медальдармен наградталып, алғыс хаттармен марапатталды.  Сондай-ақ, Тергеу басқармасын бірнеше жыл бойы абыроймен басқарған Таубай Медеу Дулатұлын зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Ұжым атынан оның көпжылдық еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, құрмет көрсетілді.