ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ДРОППЕРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ДРОППЕРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық» университетінде «Жасанды интеллекттің теріс жағы» тақырыбында  дәріс сабағы өткізілді. Шараға құқықтану, экономика саласында білім алатын студенттер қатысты. Сабақ интерактивті түрде, жасанды интеллект Айдостың көмегімен өткізілді. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева студенттерге цифрлық гигиена, жасанды интеллектінің зияны, дропперлік ұғымы жайынды түсіндірді. Сондай-ақ, дәріс соңында қатысушыларға Қаржылық қауіпсіздік бойынша өтетін Ұлттық олимпиада жайлы ақпарат берілді.