
Қызылордада ҚР мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және Әдеп кодексі нормаларының сақталуы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Нажмедденұлы, Қызылорда облысы бойынша ЭТТД-нің АМІЖ тергеушісі М.Оралбаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Семинар барысында М.Оралбаева лудомания, дропперлік ұғымдары және қаржы пирамидаларының қауіптілігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.
Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілерге заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.