ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, РЕФЕРЕНДУМ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, РЕФЕРЕНДУМ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Елімізде 15 наурыз күні өтетін Жалпыұлттық референдум өтеді. Маңызды әрі тарихи оқиға қарсаңында агенттік төрағасы Ж.Элимановтың қолдауымен Парламент Сенаты мен  Мәжілісі депутаттары Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне арнайы келіп, жеке құраммен кездесті.

Кездесу барысында департаменттің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары айтылып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығы кеңінен талқыланды. Парламент депутаттары департамент қызметіне оң баға беріп, Мемлекет басшысының Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында жүктеген тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстардың нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, депутаттар агенттіктің ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтіп, заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастамалар көтерілген жағдайда  қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.