
Шиеліде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балаларды заманауи қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында “Мен және Заң” тақырыбында құқықтық дәріс өткізілді.Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі, Шиелі аудандық білім және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың салдары, заң талаптары жан-жақты түсіндірілді. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің АМІЖ тергеушісі М.Оралбаева жасөспірімдерге дропперлік әрекеттердің қаупі, интернет-алаяқтық түрлері және олардан сақтану жолдары туралы маңызды ақпарат берді.
Шара аясында құқықтық тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге 300-ден астам жоғары сынып оқушылары, 100-ден астам ұстаздар қатысып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған пайдалы мәліметтер алды.