ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДРОППЕРЛІК ПЕН ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДРОППЕРЛІК ПЕН ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Қазіргі таңда оқушылар мен жастар арасында дропперлік және интернет алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты алдын алу шаралары күшейтілуде. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қалалық Прокуратура өкілдерімен бірлесіп, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараға М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің 200-ден астам оқушысы қатысты. Кездесу барысында департаменттің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева  оқушыларға дропперлік ұғымы, жеке деректердің құпиялылығын сақтау, онлайн алаяқтықтан қорғану жолдары, сондай-ақ құмар ойындардың зияны туралы кең көлемде ақпарат берді. Жеткіншектерге аталған тақырыптар аясында бейнероликтер көрсетіліп,  нақты мысалдар арқылы түсіндірме жүргізілді. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырып, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің алдын алады.