Қарағандыда субсидияларды жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды

Қарағандыда субсидияларды жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды

Қарағандыда субсидияларды жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды

Қарағандыда «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттык жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион

теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша

айыптау үкімі шығарылды.

Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.

«DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалан құжаттар тапсырған.

Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік

қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған.

Тиісінше, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған.

Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұка сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде косымша қылмыстық табыс алынды.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ак, сот Ауыл шаруашылығы басқармасынын 339 миллион

теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері

белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.