Қарағанды: қаржылық қауіпсіздік – басты назарда

Қарағанды: қаржылық қауіпсіздік – басты назарда

Қарағанды: қаржылық қауіпсіздік – басты назарда

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, сондай-ақ жастар мен халықтың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы орайда, 2025 жылғы 17 сәуірде Шахтинск техникалық колледжінің базасында «21 ғасырдың цифрлық қақпандары: қаржылық алаяқтардан қалай сақтану керек?» тақырыбында лекция өткізілді.

Іс-шараға колледждің студенттері мен оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында алаяқтықтың түрлері, қаржы пирамидаларына және «дропперлік» схемаларға тартылу қаупі, сондай-ақ жеке және банк деректерін қорғаудың маңыздылығы талқыланды.

Қаржылық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.