Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада аясында белсенді жұмыс жүргізуде

Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және студенттерді заңсыз қаржылық схемаларға тартудың алдын алу мақсатында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұлттық олимпиадаға дайындықты 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қолға алды.

Осыған орай, 2025 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, өңірдің бес жоғары оқу орнының студенттері арасында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттердің жоғары қызығушылығын тудырды.

Сәуір айының басынан бастап Олимпиада аясында Департамент тарапынан жоғары оқу орындарының студенттеріне қаржылық қауіпсіздік, алаяқтықтың түрлері және «дропперлер» секілді заңсыз қызмет түрлеріне тарту схемалары бойынша 6 дәріс өткізілді. Сондай-ақ, Ұлттық олимпиада шеңберінде іріктеу нәтижесінде еліміздің әр өңірінен үздік шыққан студенттер халықаралық кезеңге қатысу үшін Ресей Федерациясының Красноярск қаласына барады.

Жазғы демалыс кезеңі қарсаңында, көптеген колледж түлектері мен студенттер уақытша немесе тұрақты жұмыс іздейтінін ескере отырып, колледж студенттері мен оқытушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – жастарды көлеңкелі ақша айналымы, қаржылық пирамидалар және өзге де алаяқтық схемалардан қорғау.

Жалпы алғанда, өткізілген іс-шаралардың қамту көлемі 10 000-нан астам қатысушыны құрады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.