Қарағанды: лудомания – жеке тұлғаға ғана емес, ел экономикасына да қауіп төндіретін құбылыс

Қарағанды: лудомания – жеке тұлғаға ғана емес, ел экономикасына да қауіп төндіретін құбылыс

Қарағанды: лудомания – жеке тұлғаға ғана емес, ел экономикасына да қауіп төндіретін құбылыс

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде түрлі ток-шоулар мен телехабарларға қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және алдын алу шараларын жүргізуде.

Солардың бірі — «Ой талқы» ток-шоуы, онда қазіргі қоғам үшін аса алаңдатарлық тақырыптардың бірі — лудомания (ойынға тәуелділік) мәселесі көтерілді.

Бағдарлама барысында: ойынға тәуелділіктің себептері мен салдары; құмар ойындардың жастарға, отбасыға және ел экономикасына әсері; заңсыз ойын бизнесіне қарсы қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар; халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы талқыланды.

Лудомания – бұл жай ғана зиянды әдет емес, бұл – азаматтарды қарызға белшесінен батыратын, отбасыларды күйрететін, қылмыстың өсуіне ықпал ететін елеулі әлеуметтік мәселе. Департамент өкілі қаржылық сауатты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыруда әрбір азаматтың рөлі маңызды екенін атап өтті және әсіресе жастармен жүйелі түрде профилактикалық жұмыс жүргізудің қажеттігін айтты.