Қарағандыда "лікке тағзым "акциясы басталды
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығымен және облыстың Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи мұралар күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» акциясы аясында «Таза бейсенбі» тазалық шарасын өткізді.
Игі бастама аясында соғыс батырларына арналған ескерткіштердің айналасын абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековтің жерленген жерінде де тазалық жұмыстары атқарылды.
Аталған іс-шара ата-бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсетіп, еліміздің тарихи жадысы мен мәдени мұрасын сақтау жолындағы үлес болып табылады.