Қарағандыда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құқықтық мәдениетті насихаттау бойынша жұмыс кездесуі өтті
2025 жылғы 04 наурызда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде және өзара іс - қимылдың бірлескен жоспарын орындау мақсатында, «Атамекен» ҰКП - Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Е.Г.Махаевтың және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен құқықтық мәдениетті насихаттау бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Департамент атынан басшының орынбасары Е.Г.Махаев сөз сөйлеп, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс азаматтардың, ҮЕҰ-ның белсенді қатысуын және бизнес-құрылымдармен тығыз ынтымақтастықты талап ететінін атап өтті.
Кездесу барысында Е.Г.Махаев «Бүгінде мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер мен сарапшылар қауымдастығы арасында тиімді әріптестік орнату өте маңызды. Біздің ортақ міндетіміз - экономикадағы заңдылық пен ашықтық қағидаттарын бірлесіп насихаттау, бизнесті көлеңкелі схемаларға тартудың алдын алу және құқықтық сауаттылықты дамытуға жәрдемдесу», - деп атап өтті.
Кездесудің қатысушылары Қарағанды облысында адал кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру мақсатында сындарлы диалогты одан әрі дамыту, сонымен қатар профилактикалық жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі бастаманы қолдады .
Кездесу қорытындысы бойынша «Заң және тәртіп» қағидаттарын насихаттау және өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісілді.