
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан экопарк аумағында ағаш отырғызу экологиялық акциясына қатысты.
Іс-шара өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, көгалдандыру жұмыстарын дамытуға және табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Ағаш отырғызу болашақ ұрпақ үшін жайлы әрі қолайлы қалалық орта қалыптастыруға қосылған үлес болды.