
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылған күніне орай мерекелеу қарсаңында және «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында Шәкәрім атындағы гимназияда Қарағанды қаласының мектеп оқушыларына арналған «Қаржылық және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жеке деректерді қорғаудың негізгі әдістері түсіндіріліп, заманауи цифрлық алаяқтықтың нақты мысалдары көрсетілді, сондай-ақ дипфейк, фишинг технологиялары және олармен байланысты тәуекелдер туралы айтылды.
Ойын интерактивті форматта өтті: оқушылар пікірталастар мен викториналарға белсенді қатысты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай тәсіл жастардың цифрлық қауіпсіздік бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастырып, жеке деректеріне жауапкершілікпен қарауын арттыруға мүмкіндік береді.