
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарының үлкен көлемде контрабандасының жолын кесті.
Қылмысқа қатысы бар екенін жасыру мақсатында қаскүнем өзінің танысының атына Таиланд Корольдігінен пошта сәлемдемесін рәсімдеді.
Күдікті ұсталды және жеке тінту кезінде оның 1,3 кг есірткі құралы — каннабис WAX тәркіленді. Сезіктінің есірткіні Қарағанды қаласының аумағына «Telegram» мессенджері арқылы жасырын бетбелгілерді қолданып таратқаны анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмеуге тиіс.