Қарағанды қаласы №1 емханасының қызметкерлеріне арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс.

Қарағанды қаласы №1 емханасының қызметкерлеріне арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, Қарағанды қаласындағы № 1 Емхана қызметкерлерімен «Дроп деген кім және қаржы пирамидасына қалай түспеуге болады», «кибералаяқтық» тақырыптарында семинар өткізді.
Дәріс барысында азаматтардың заңсыз қаржылық схемаларға тартылу тетіктері, «дропперлік» дегеніміз не, банктік карталарды ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке жинақтарды қорғау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Дәрістер презентациялармен және бейнематериалдармен сүйемелденді.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, заңнаманы сақтауға дағдыландыруға және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды құрал ретінде қызмет етеді.