Мемлекеттік басқару жүйесі үшін
талантты жастарды анықтау және тарту
мақсатында биыл елімізде Президенттік
жастар кадр резервіне кезекті іріктеу
өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1
маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында
қолжетімді болады.
Құжаттар 30 маусымға дейін
қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары
білімі және 5 жыл жалпы жұмыс
тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен
емес сертификаты бар мемлекеттік тілді
меңгерген Қазақстан Республикасының
азаматы қатыса алады.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
– Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
– Мәтіндік және сандық ақпаратпен
жұмыс істеу қабілетін бағалау;
– Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
– Құзыреттерді бағалау;
– Резервке іріктеу жөніндегі
сарапшылық комиссияда кандидаттармен
әңгімелесу;
– Сарапшылық комиссия ұсынған
кандидаттарды Ұлттық комиссияның
отырысында қарау.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам
Резервке қабылданады.