Алматыда оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өтті

Алматыда оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өтті

Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаладағы сегіз мектепте қаржылық сауаттылық бойынша ашық сабақтар өткізді. Білім беру шаралары 7-11 сыныптарда оқитын 800-ден астам оқушыны қамтыды.

Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу маңыздылығы туралы ақпарат беру болды.

Сабақ барысында оқушылар алаяқтық схемаларды қалай анықтауға болатынын және заманауи қаржылық құралдарды қолдану жолдарын үйренді. Сонымен қатар, олар қаржылық мониторинг органдарының маңызды рөлі туралы білді.

Мұндай іс-шаралар қаржылық сауатты ұрпақты қалыптастыруға және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар бастаманы қолдағаны үшін мектептердің педагогикалық құрамына және белсенді қатысқаны үшін оқушыларға алғысын білдіреді. Ашық сабақтар жастардың қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті және осындай іс-шараларды әрі қарай да өткізу қажеттілігін растады.