2022 жылғы 24 мамырда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша ЭТТД басшысының м.а. Т. Т. Таңатаров, РҚБ басшысы Б. Е. Мақұлбаев, сондай-ақ ЭТТД тергеу және жедел басқармаларының басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тараптар "көлеңкелі" экономикаға қарсы күрес, салық төлеуден жалтару, бюджет қаражатын ұрлау, заңсыз ойын бизнесі мәселелері бойынша Экономикалық тергеу департаменті құрылымдық бөлімшелері мен "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
"Алматы қаласында "көлеңкелі" экономиканы төмендету мақсатында біз қоғамдық ұйымдармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуге ниеттіміз. Жалпы қоғамды және белсенді азаматтарымызды "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс – қимылға тарту біздің қызметімізде негізгі басымдық болып табылады", - деп атап өтті Департамент басшысының міндетін атқарушы Талғат Таңатаров.
Сонымен қатар, "Әділдік жолы" РҚБ филиалының басшысы Мақұлбаев Бауыржан Есенгелдіұлы "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша салық төлеуден жалтару, бюджет қаражатын ұрлау, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстардың алдын алу мәселелерінде өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылданды.