
«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2025 жылдың 12–27 қарашасы аралығында қаладағы жоғары оқу орындарының студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақтар циклін ұйымдастырды.
Сабақтар қаланың барлық жоғары оқу орындарында интерактивті форматта өтті. Оқу барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың заманауи тәсілдері, мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалануға байланысты қауіптердің алдын алу жолдары түсіндірілді.
Особое внимание было уделено навыкам кибергигиены:
смартфонды кибершабуылдардан қалай қорғау керек;
фишингтік сілтемелер мен зиянды қосымшаларды қалай анықтау керек;
жеке деректерді қорғау үшін қандай шараларды қолдану қажет.
Бұдан бөлек, ДЭР қызметкерлері «дипфейктерді» қолдануға байланысты қазіргі қауіптер туралы жан-жақты айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар берді.