Алматы қаласы бойынша ЭТТД қызметкерлері «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты

Алматы қаласы бойынша ЭТТД қызметкерлері «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты.

Іс-шара барысында ДЭР басшылығы мен қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өзекті мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Халық заңгері» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, оның басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.