Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттерге қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттерге қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналған дәріс өтті.
Іс-шараға 3–4 курс студенттері қатысып, оларға қаржылық және киберқауіпсіздік тақырыптары бойынша өзекті материалдар ұсынылды. Ерекше назар қаржылық тәуекелдердің алдын алу, киберқатерлерден қорғау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы «заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асырудың практикалық қырларына аударылды.
Дәрістің мақсаты – студенттердің қаржылық қылмыстарға қарсы тұру және құқықтық тәртіпті нығайту үшін қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.