Алматы қаласы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында "Заң және тәртіп" қағидаты аясында құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді бірлесіп қабылдауы өтті.
Басты мақсат-құқықтық мәдениетті арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бизнес өкілдеріне қолжетімді құқықтық көмекті қамтамасыз ету.
Қабылдауға өкілдері - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті,Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті, Алматы қаласы прокуратурасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы полиция департаменті
Алматы қаласы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлерге қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдеріне тікелей сұрақтар қоюға, өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңес алуға және жәрдемдесуге мүмкіндік береді.