Алматы қаласы бойынша ЭТТД Ашық есік күні өтті

Алматы қаласы бойынша ЭТТД Ашық есік күні өтті

2024 жылғы 24 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – Департамент қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту.

Ашық есік күні барысында қатысушыларға ЭТТД-ің қызмет бағыттары туралы ақпарат ұсынылды, соның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Ведомство қызметкерлері қонақтарға әкімшілік ғимарат бойынша экскурсия өткізіп, тергеп-тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды көрсетті және барлық сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық пен қаржылық қылмыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.