Алматы қаласы бойынша ЭТТД қызметкерлері «Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында өткен «Халық заңгері» акциясына қатысты

Алматы қаласы бойынша ЭТТД қызметкерлері «Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында өткен «Халық заңгері» акциясына қатысты

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында өткізілген республикалық «Халық заңгері» акциясына белсене қатысты.

          Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту. Акция барысында ЭТТД мамандары тұрғындарға экономикалық қылмыстар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және басқа да өзекті мәселелер бойынша тегін заң кеңесін берді.

          Азаматтарға қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі мен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

          Мұндай іс-шараларға қатысу – халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған ЭТТД-ның алдын алу жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.