"Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг" Алматы облысында өткізілді

"Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг" Алматы облысында өткізілді

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру
департаменті қаржылық сауаттылықты арттыруға, экономикалық құқық
бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарды алаяқтық
схемалардан қорғауға бағытталған «Қаржылық қауіпсіздік бойынша
тренинг» тақырыбында форум өткізді.
Іс-шараның спикерлері ретінде Экономикалық тергеп-тексеру
департаментінің, Полиция департаментінің және Әскери
прокуратураның қызметкерлері сөз сөйледі.
Форум барысында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтың
заманауи түрлері, жеке деректерді қорғау тәсілдері, банктік және
цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ экономикалық
қылмыстарға қарсы іс-қимыл шаралары туралы өзекті ақпарат
ұсынылды.
Бұл шаралардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік институттарға
деген сенімді нығайтуға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидатын іске
асыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Форум жұмысына 250 адам қатысты, оның ішінде әскери
қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілер бар.
Қатысушылар алаяқтық схемаларды тану және қаржылық
қылмыстарға тап болған жағдайда әрекет ету алгоритмдері бойынша
практикалық ұсынымдар алды.

 

Департаментом экономических расследований по Алматинской
области проведен форум на тему «Тренинг по финансовой
безопасности», направленный на повышение финансовой
грамотности, профилактику экономических правонарушений и защиту
граждан от мошеннических схем.
Спикерами мероприятия выступили сотрудники Департамента
экономических расследований, Департамента полиции и Военной
прокуратуры.
В ходе форума участникам была представлена актуальная
информация о современных видах финансового мошенничества,
способах защиты персональных данных, безопасном использовании
банковских и цифровых сервисов, а также мерах противодействия
экономическим преступлениям.
Отмечено, что данные меры способствуют реализации принципа
«Закон и Порядок», направленного на обеспечение безопасности
общества, защиту прав граждан и укрепление доверия к
государственным институтам.
В работе форума приняли участие 250 человек, в том числе
военнослужащие и государственные служащие.
Участники получили практические рекомендации по
распознаванию мошеннических схем и алгоритмам действий при
столкновении с финансовыми преступлениями.