
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен психолог және заңгердің қатысуымен География және тарих факультетінің студенттерімен лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құмар ойындарға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның адам өміріне тигізетін психологиялық, әлеуметтік және қаржылық кері әсерлері талқыланды.
Психолог студенттерге ойынға тәуелділіктің негізгі белгілері мен одан сақтану жолдары туралы түсіндірсе, заңгер құмар ойындарға қатысты құқықтық мәселелер жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, жауапты шешім қабылдау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптар алды.