
2026 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға облыс басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қызметкерлер мен ардагерлер қатысты. Құттықтау сөзбен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров, облыс прокуроры Марат Баянұлы Абишев, сондай-ақ Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қуат Аманбекұлы Әбдіханов сөз сөйледі.
Іс-шара барысында Департаменттің бес жылдық қызметінің қорытындылары шығарылып, мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикамен күрес және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу жолындағы елеулі еңбектер атап өтілді. Үздік қызметкерлер мен сала ардагерлері ведомстволық наградалармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты бөлім мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталып, іс-шара қаржылық мониторинг органдары қызметінің маңыздылығы мен кәсібилігін айқын көрсетті.