«AntiParaCraft» интеллектуалдық ойыны: студенттердің сенімді жеңісі және Ақмола облысы бойынша ЭТТД қатысуы.

«AntiParaCraft» интеллектуалдық ойыны: студенттердің сенімді жеңісі және Ақмола облысы бойынша ЭТТД қатысуы.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өткізілген «AntiParaCraft» интеллектуалдық ойынына әділ қазы ретінде Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының басшысы Мирас Жанатович Муратов қатысты.

Интеллектуалдық сайысқа Бизнес және құқық жоғары мектебінің, оның ішінде құқық кафедрасының 1 курс студенттері белсенді қатысып, жоғары білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша студенттер командасы І орынды иеленіп, үздік деп танылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қатысушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен кәсіби өсім тілейді.