Қосшы қаласында қаржылық қауіпсіздікке арналған семинар өтті

Қосшы қаласында қаржылық қауіпсіздікке арналған семинар өтті

Қосшы қаласында Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Мирас Мұратовтың қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Қаржылық сауаттылық және цифрлық гигиена» тақырыбына ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Семинар барысында мамандар қаржылық пирамидалардың қауіптілігіне ерекше тоқталып, соңғы жылдары мыңдаған азаматтың «жеңіл табысқа» сеніп, баспанасынан, көлігінен айырылып, қарызға батып қалғанын атап өтті.

Семинарда айтылған негізгі ескертулер:

- тәуекелсіз әрі өте жоғары табыс уәде ететін жобаларға сенбеу;

- жаңа қатысушыларды тартуды талап ететін «бизнеске» сақтықпен қарау;

- әлеуметтік желідегі даңғаза әрі белсенді жарнамаларға алданбау;

- лицензиясы жоқ немесе жақында тіркелген компаниялардан аулақ болу;

- ақшаны қолма-қол, криптовалюта немесе жеке аударым арқылы жинайтын жобалардан бас тарту.

Сондай-ақ қаржылық пирамидаларды құру, ұйымдастыру және жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

Күмәнді жобаларды тексеру үшін тұрғындарға «Байқа, пирамида» Telegram-ботын пайдалану ұсынылды.