Ақмола облысында Есептің бірыңғай күні

Ақмола облысында Есептің бірыңғай күні

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Ақмола облысы бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаментінің басшылығы «Атамекен» ҰКП-ның алаңында
өткен «Есептің бірыңғай күні» жиналысына қатысты.
Іс-шара мақсаты – мемлекеттік бақылау және бақылау-қадағалау қызметін
реформалауды іске асыру, оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында салық, сәулет-құрылыс бақылау, еңбек инспекциясы,
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және басқа да органдардың өкілдері
баяндама жасады.
Жарияланған мәліметтер тексеру, айыппұл туралы болды.
Кездесу диалог форматында аяқталды.