Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханыммен кездесуі өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханыммен кездесуі өтті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде құқық үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және құқықтық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тараптар 2025 жылғы 23–25 маусымға жоспарланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттың (АСҚХП) ережелерін іске асыру жөніндегі Қазақстанның ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық барысын талқылады.

ЕО Елшісі Алешка Симкич Қазақстанның құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалап, адам құқықтары мен заң үстемдігі мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу Қазақстан мен Еуропалық Одақтың құқықтық ынтымақтастықты дамытуға және адам құқықтарын қорғау және құқықтық жаңғырту мәселелерінде өзара түсіністікті нығайтуға бейілділігін растай отырып, сындарлы және ашық атмосферада өтті.