Әділет министрлігінде Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Әділет министрлігінде Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.
Ведомствоаралық комиссия отырысында мына мәселелер қаралды:
1. «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікпен жасалатын делдалдық қызметтер мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек саласындағы ұжымдық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру.
Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Сәрсембаев заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, бірігіп жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.